Бір жас жігітті құрбылары мазақтап үнемі «Есек» деп атайы екен. «Есек» деген атқа ол ренжіп, бұрқан-тарқан ашуланып, құрбы-құрдастарына наразы болып жүреді екен. Бірақ көп аузына қақпақ бола алмайды. Жұрт оны «Есек» деуін қоймайды. Әйел де, бала да «Есек» дей берген соң әбден зықысы шығып, жаны күйген жас жігіт жайылып жүрген жалғыз ешкісін сояды да, барлық жора-жолдастарын шақырып, етке тойғызады. Құман әкеп, қол жуарда: «Енді сендерден өтінішім осы дастарқан үстінде бұдан былай мені «Есек» деп айтпауға баталарыңды беріңдер», — деп тілек қыпты.
Жора-жолдасы әрі ойланып, бері ойланып, енді бұдан былай «Есек» демейік, «Қодық» дейік депті. Қонақтар тарқаған соң, бір жақын құрдасына келіп:
— Енді жұрт мені «есек» емес, «қодық» дейтін болды. «Есек» дегеннен «қодық» әлдеқайда сыпайы емес пе? — дейді. Сонда құрдасы:
— Қазір қодық болғанмен, бір-екі жылдан кейін бәрібір есек болмайсың ба? — депті.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі