Өлең, жыр, ақындар

Түйе сатушы

Ығы-жығы базардың ортасында біреу жар салып түйесін мақтап тұрады.

— Өзі нар түйе, түсі сары түйе, — деп сарнайды әлгі сатушы. Өзін көр, көзін көр, көр де көр, бір көзі көр, көр де көр...

Нар түйенің сұлулығына, әрі иесінің құйқылжыта тақпақтап мақтауына қызыққан бір алушы келіп, түйені айналдыра қарайды. Иесі тағы да тақпақтай жөнеледі. Алушы ұнатады да, ақшасын төлеп, нарды жетелеп кете барады.

Жолда ауылдастары оған: «Батыр-ау, түйең соқыр ғой» депті. Қараса нардың шынымен-ақ бір көзі жоқ екен. «Қап, мына сатушы мені алдағаны», — деп түйе алушы ашуланып, қайтып базарға келеді.

— Отағасы, соқыр түйеңді алдап сатқаның қалай? — дейді түйенің иесіне.

— Атай көрмеңіз, — дейді түйе сатушы. Мен ешқандай алғаным жоқ. Мен сізге бүкіл базардың ортасында айғайлап тұрып: «Өзін көр, көзін көр, бір көзі көр, көр де көр», — деп айтпадым ба?

Аңқау алушы бағанағы тақпақ, ойнақы, сырлы сөздің мағынасын ұқпағанына санын бір соғып, «бұйырғаны осы болған шығар» деп жүріп кетеді.


Пікірлер (4)

жумдулла

Сатып алушыда март екен

Тогжан

керемет ман магынасы бар ангиме жазган адам жарайсыз

Myrza

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз