Тәшпембет — есі де, ақылы да бүтін, бірақ қалай болса солай сөйлей салатын аңқау, парықсыз адам. Оның сөзін ол маңдағы елдің үлкені де, кішісі де кек тұтпайды, қандай сөз сөйлесе де, оны қызық көріп, мәз-мейрам болып қалады.
Бірде малға топалаң ауруы кездесіп, көп қой өледі. Ол кезде қазақтар ауырып өлген малдың етін тастамайды, пайдаға жарататын еді. Ауылдың жасы үлкен, қадірлі адамдарының бірі өлген қойларын сойып, етін қақтап жатыр екен. Кенет, Тәшпембет кіріп келіп, сәлем береді де: «Уағ аға, соғым сүйгін-ақ!» дейді. Оның мінезін білетін, сөзіне таныс ауыл адамдары орынсыз айтылған бұл «құттықтау» сөзді кек қылмайды, қошеметті күлкіге айналдырады.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі