Өлең, жыр, ақындар

Жәмәлиім, Басилиім

Революциядан бұрын Есіл бойындағы елдерден бір жігіт өз ағайындарына өкпелеп, көршілес орыстарға арқа сүйейді, солардың дініне кіреді. Өзінің төл есімін өзгертіп, Николай деп атайды. Жәмали дейтін баласы бар екен, оның атын Василий деп қояды.

Күндерде бір күн Жәмали өледі. Николай қатты қайғырып, бірнеше күн баласының қабіріне барып жүреді. Сонда егіліп жылап отырып: «Жәмәлиім, Басилиім!» деп екі есімді қоса атайды екен.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар