Атбасардың шығыс жағындағы Қозған елінде Бердібай дейтін күлдіргі сөзге шебер, өтірікті шындай, ақсақты тыңдай айта білетін жігіт болыпты.
Жыл сайын шілде айында Атбасар қаласында үлкен жәрмеңке өткізілетін. Сол думанды көріп, үй ішіне Бердібай атына мінеді де, қалаға жол тартады. Қала оның ауылынан он бес шақырымдай жерде. Жолшыбай Сарытау деп аталатын белес бар. Оған шыққанда қала иек астындағыдай көрінеді.
Сол жерде аз ғана тынығу үшін атын тұсап отқа жібереді де, өзі жайғасып отыра қалады. Жәрмеңкеден қандай заттар алатынын ойша болжап, қалтасындағы ақшасын ашып, санай бастайды. Сол кезде батыс жақтан үлкен құйын соғып, Бер дібайдың қағаз ақшаларын ұшырып әкетеді. Ұйытқыған құйынды айналдыра қуып, біраз ақшасын қолына түсіріп алады, бір бес теңге үштігүйлі жоқ болып кетеді.
Келесі жылы дәл сол уақытта Бердібай жәрмеңкеге тағы да аттанады. Бұл жолында көрген тамашасын ол өзі былай баяндайды:
— Сарытау белесіне шыға келдім. Атбасар алдымда жаюлы дастархандай көрінді. Кенет қарсы алдымнан маңдайыма бірдеме сап ете түсті. Алақаныммен басып қалдым. Қарасам өзімнің былтырғы бес теңгем екен.
Содан кейін осы оқиға Қозған, Қақсал елдерінде «Бердібай-
дың бес теңгесі» деп аталады.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі