Біздің Бұқарбай ойын-қалжыңға шебер, сөзде де, істе де ұтымды адам еді. Бірде ол Запорожье селосымен іргелес ауылға барады. Ондағы таныстарының бірі егінін бастырып, астығын қауыздап жатыр екен. Сәлемдесіп, «қырман тасысын!» деген тілегін айтып тұра береді, — деп бастады Жәкежан әңгімесін. — Қырман иесі ұшырылып, тазартылған бидайын сарайына таси бастады. Бидай салынған қаптарды көтеріп, арқасына тиеп жатқан кезде ат үстінде тұрған Бұқарбай бірнеше рет «әуп!» деп дем береді.
Келесі күні Бұқарбай атын жегеді де, арбасына үлкен бір қап салып алып, кешегі өзі келіп кеткен қырманға келеді. Диқан жұмыс істеп жатыр екен, оған қапшығын көрсетіп: «Кешегі үлесімді алғалы келдім», — дейді. Диқан: «ол қандай үлес, не үшін?» — десе, Бұқарбай: «Сен бидай толтырылған қаптарыңды көтере алмай жатқанда, мен «әуп» деп дем бергемін, сол үшін», — деп қапшығына қызылдаған бидайды сала бастайды.
Бұқарбайдың мінезіне таныс, оның сүліктей қадалған жерінен өзіне керегін алмай кетпейтінін білетін диқан оған ләм демейді. Бұқарбай бес пұттық қапты толтырып, арбасына тиейді де, өз жөніне кете барады.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі