Қоңыров Әміре қарт ойын-күлкісі жарасқан замандастардың өзара қалжыңы жайында бір естелік айтты.
— Біздің елде Жаңқабай дейтін қалжың сөзге шебер адам болды. Ол әзіл сөздерін қарасөзбен ғана емес, тақпақтатып та айтатын еді, — деп бастады Әбекең (Әміре). — Оның көбірек ойнап, қалжыңдайтын Көсе атты замандасы болды. Атына лайық, сақал-мұрты жоқ көсе еді. Бірде соған Жаңқабай ағай былай деді:
— Дария білмес иттің сарығанын,
Надан білмес атының арығанын.
Әлі күнге он бестегі бозбаладай,
Көсе шіркін білмейді қарығанын (қартайғанын).
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі