Үш жігіт ұзын жолмен жүріп келе жатты да, пар-пар ат жегіп, өзара кеукеулесіп сөйлесіп бара жатқан орыстарды көрді. Қалаға, базарға барамыз, бір ауыз орысша білмейміз, мыналардан бірер қағар тіл үйренсек қайтеді десті жігіттер. Арбада әңгімелесіп отырған орыстардың жанына барып, үшеуі үш сөз үйренді.
Бұлар жүріп келе жатып жолдың жиегінде жатқан бір адамды көреді. Бұрылып, айналдыра қарады, тірі адам емес, өлі жан екен. Тамашалап қарап тұрғанда, ойда жоқта бір милиционер сап ете түсті.
— Кто убил? — деді милиционер.
— Мы.
— Зачем убили?
— Так и ему надо.
— Арестую вас.
— Там — нам место.
Милиционердің сұрақтарына үшеуі жүргінші орыстардан үйренген тілімен жауап қатты.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі