Өлең, жыр, ақындар

Ақымша қу

Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданында Ақымша деген қу болыпты. Мал дегенде бір ат, бір бұзаулы сиырдан басқа ешнәрсесі жоқ. Шешен, тапқыш, сондықтан баймен, бимен сөз таластырып қалыспайтын кісі екен. Бір жылы Ақымша астық іздеп қазіргі Большонарный ауданы, бұрынғы Нарын болысы Аңдауқұл бура деген рудың еліне барыпты. Сол елдің бір биі кездесіп: «елдеріңде жақсы ат, жаман ат бар ма?» — дегенде:

— Жақсы аттан шона Бекбайдың көк жорғасы бар, жаман ат мына менің көк шолағым бар,—депті. Біраз тоқталып «елдерінің қалы қандай?» дейді екен.

— Еліміз басын көтеріп және сорпаға қарады, — деген екен. Бетіне қарап тұрып саған болмас дегендей жүріп кетіпті. Ол жақсы, ат жаман ат дегенде жақсы, жаман хабарды сұраған. Оған өзі аты мен Бекбайдың жақсы атын айтады.

Еліміз басын көтеріп түгел сорпаға қарады дегені — астық жоқ, ылғи мал етімен жан сақтап сорпа ішіп отыр екен дейді. Басын жаңа көтерді дегені — іштеріне дән бармаған соң, сорпа мен ет тамақ болмай жатып, жатпаса бұралып, төсек үстінен түспей отырады екен. Мұны Аңдауқұлдың биі түсініп, Ақымшаны шақырып алып ат мінгізіп, бір көлік астық береді.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар