Бір үйдегі үш адамның үшеуі де саңырау екен. Бір күні сырттан келген шалына кемпірі шайын демдеп қоя бастапты. Шалы отырып:
— Әлгі жаман бұзаудың жабуы түсіп қалған жоқ па? — депті мал жайын білгісі келіп.
Сонда кемпір:
— Осы әкеңе жақпай-ақ қойдым. Суық берсем «суық», ыстық берсем «ыстық», — дейді қызына. Қызы:
— Мен бай таңдап отырғам жоқ, итке берсең итке, құсқа берсең құсқа кетейін деп отырмын, — депті шешесіне.
«Бас-басыңа сөйлейтін саңыраумысың» деген тәмсіл осыдан қалса керек.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі