Ертеректе пішенге түскен біреу шөбін бітірген соң, тартпасының сабын беліне қыстырып, аттанып ай жарығымен бөктердегі үйіне қайтыпты. Біраз жүрген соң артына қараса, қолында сойылы бар жортуылшы секілді біреудің құйып келе жатқанын байқап қалып шошына: «ұры, ұры!» деп айғайлап қаша жөнеліпті. Ауылға таяғанда кезіккен бірнешеу:
— Не болды, не болды? — деп сұраса, әлгі қашып келе жатқан:
— Ұры, ұры, — дегенді ғана айта алыпты. Қараса, ешкім жоқ. Сөйтсе, сойыл алып қуалағандай болып көрінген өзінің көлеңкесі екен. Істің жайына көзі жеткен әлгі кезіккендер:
— Япыр-ай, бір өлімнен қалған екенсің, өзінің қолына түспей кеткен өзің де ер, атың да егей екен, — депті оны кекетіп.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі