Өлең, жыр, ақындар

Әзілбай ман құрдасы

Әзілбай көшеде бір құрдасымен ұшыраса қалыпты.

— Қал қалай?

— Жақсы.

— Денсаулығың ше?

— Жаман емес.

— Пенсияға шықтың ба?

— Жоқ, әлі бес жыл бар. Әзілбай құрдасының осы сөзді айтып реніш білдіруіне орай, күйініш білдіріп томсарып тұрғанында, мекеменің бір таныс бастығы бұлардың жандарынан салқын амандасып өте шығыпты. Әзілбай өткен сайламда орнынан қалып қалмау үшін мұның бес жасын кемейтіп мәлімдегенін естіген екен. Сол есіне түсе кетіп, жалма-жан тіл қатып:

— Бері келіп кетіңізші, — деп оның артынан ағайлапты. Артына бұрылған әлгі бастық Әзілбайдың жанына келіп сұраулы көзбен тесіле қалыпты. Алдымен ілтипат білдіріп иіліп алған Әзілбай:

— Бастық, сізді жолыңыздан қалдырғаныма ғапу етіңіз, бар болған бұйымтайым сізде «запас бес жас бар» деп естіп едім. Соны мынаған бере тұрыңыз, — депті жанындағы кісіні көрсетіп күле тіл қатып, — пенсияға шығып алсын, келер сайламда сізге де пайдалы.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз