Өлең, жыр, ақындар

Қауыншы екен десем

Түнде қауындыққа ұрлыққа екеудің алдындағысы кетіп бара жатып бір ши қалпақ тауып алады да, басына кие салып жалғасты қауын үзеді. Бір заманда басын көтерген артындағысы алдында жүрген ши қалпақтыны қауыншы екен деп қалып тұра қашады. Келіп қалған екен деп анау да ілесе жөнеледі. Тықсырып келе жатқан ши қалпақтыны көріп алдыңғысы зымыраса, қалпақ киген оған ілесіп жүгіріп әбден діңкелейді. Соңында дәрмені құрыған соңғысы айғай салғанда, өз жолдасы екенін бір-ақ біліпті.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз