Өлең, жыр, ақындар

Мынаның әкесі ме, әлде біреудің текесі ме

Кеш батып бара жатқан мезгіл болса керек. Алыс жолдан келе жатқан екі жігіт бір зираттың жанынан өтіп бара жатқанда, біреуі екіншісіне: «Мынау менің әкемнің зираты еді, түсіп құран оқи кетейік» деп аттарынан түседі. Олар зираттың жанына тізерлеп отыра қалып: «Ағузу...» енді созақтата бергенде зират ішінен «ба-а-ақ» деп бақырған дауыс шығады. Екі жігіт оқи бастаған құрандарын доғара сала, аттарына мініп тұра қашады.

Олар сасқалақтай безіп келе жатқанда, анадай жерде келе жатқан біреу көлденеңдей тұра қалып:

— Ей, жігіттер, кескегі бар, құрттаған ақ теке көрген жоқсыңдар ма? — деп айғайлапты. Сонда өлген әкесіне құран оқыған жігіттің жолдасы:

— Ей, мынаның әкесі ме, әлде біреудің текесі ме, әйтеуір зираттың ішінде бірдеңе бақырып жатыр, — деп жауап беріпті.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз