Бұрынырақ бір бай жалшысына:
— Бүгін үйге алыстан қонақ келмекші, сен отардан бір ту қой әкел. Өңгеруші болма, сүбесі езіледі. Сонан соң атыңды қинамай, жолсыз, әрі жолды жермен жүр! — деп бұйырыпты.
Байдың жаңсақ айтылған сөзін ішке түйіп, малға барып бір семіз саулықты өңгеріпті де, ауылға жақындағанда, өзінің ала күшігін қойға қосақтап айдап жетіпті. Кешкі апақ-сапақта есік алдында тұрған бай әлгі жолдасының қылығын көріп ызаланып:
— Ей, малғұн, бұл не қылғаның, денің сау ма? — деп ақырыпты. Сонда жігіт:
— Байеке ашуланбаңыз, өзіңіз «жолсыз, әрі жолды жермен жүр» демедіңіз бе?! Сол әміріңізге амалдап қойға ала күшігімді қосақтап едім, ит жолсыз жерге, қой жолға тартып екеуімен кезек жүріп әрең жеткенім, тақсыр, — дегенде бай ештеңе дей алмай қалыпты.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі