Бір аңшы мініп жүрген жекелік атын аз күн жайлауға жіберіп алғысы келіп, бастықтан көлік сұрапты. Бергісі келмеген бастық мас болғансып, тыңдамай кетеді екен. Екінші жолы да сөйтіпті. Мұны құтылудың жақсы амалы деп білген ол ендігі жерде аңшыны көрсе болды, мас бола қалады екен.
Арада көп өтпей бастықтың әкесі науқастанып, ел ішіндегі емсектер бұғының қаны мен аюдың табаны ем болатындығын айтыпты. Мұны естіген аңшы:
— Ақсақалдардың көңілін сұрауға қолым тимей жүр еді, мен де барайын, — деп бастықпен ілесе шығыпты. Үйден ұзай бере мас болып, бастықтың үйіне тая бере беу далаға шаба жөнеліпті.
— Не болды саған? — десе, мандытып жауап бермей бірдің аяғын, бірдің басын сөйлеп мысын құртыпты. Сөйтіп, әбден сілесін қатырып өлдім-талдым дегенде үйге өзі кеп түсіп, бір мызғып алып түрегелген соң барып үй ішіндегілерді жаңа көргендей қайта амандасып, науқастың халін сұрап, дәрілік заттарын беріпті. Сонда шалға:
— Құдауанда, «сынықтан өзгенің бәрі жұғады» дегені рас екен, үйден шыққанда сап-сау едім, жүре келе мына балаңыздың шалығы маған жұққаны, мастықтан енді есімде жинап отырмын, — депті. Жеңілген бастық аңшыны мал сойып қонақ қып, бір атқа қағаз жазып беріп, аттандырыпты.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі