Ұшан деген қорқақтау, жындыбас біреу борсық аулаған біреулерге ілесіпті. Олар тау жағалап келе жатып қақпанға түсіп жанталасып жатқан борсыққа кезігіпті. Борсықты ұратын ештеңенің ыңғайы болмай, тепкілеп өлтіруге тура келіпті.
Аңшылардың ешқайсысы борсықтың өлер жеріне тебе алмапты. Осы кезде қулау біреуі:
— Ей, тоқтаңдар, осы борсықтың қара тұмсығына бір тепсе Ұшан тебеді, — деп Ұшанды желіктіріпті. Бұған елеуреп кеткен Ұшан өгізден қарғып түсіп:
— Теппегенде немене, өңкей ынжық немелер, — деп алақанына түкіріп-түкіріп жіберіп борсыққа тұра ұмтылыпты. Ол борсықты тебе бергенде, аяғы тайып кетіп шалқасынан түскен екен, ашу қысып жатқан борсық Ұшанның оң жақ башпайын шайнап жіберіпті. «Бір тепсе Ұшан тебеді» деген тәмсіл осыдан қалыпты.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі