Өлең, жыр, ақындар

Неғып жатқанымды өзім де білмеймін

Өмірбай ауырып ауруханаға жатып қалады. Өмекең жатқан бөлімде дардай атағы бар Метербай деген бір қария да жатып емделеді. Екі қарт осындай бір бөлімде емделіп жатқан кезек шалғайдағы шаруашылықтан Метербайдың көңілін сұрау үшін бірнеше шалдар келеді. Олар Метербай қарияға жабырлай беріп амандасып, көңіл сұрап назарларын сол кісіге ғана аударып қалса керек. Аз-кем аралықта келгендердің біреуі Өмірбай қарияны көріп қалып:

— Ойбай-ау, Өмекең ғой, — деп ұшып тұрады. Басқалар да арт-артынан:

— Ау, Өмеке, не болды, неғып жатырсыз, сіз мұнда? — деседі.

Сонда Өмекең:

— Мұнда неғып жатқанымды өзім де білмеймін, әйтеуір осы ел ыңыранса, ыңыранамын, ыңқылдаса, ыңқылдаймын, — депті. Сонда:

— Рас-ау, өзіміздің сөзімізге қарай Өмекеңнің жауабы да өте дұрыс болды, — деп күнә көздер күлісіп бір жасап қалған екен.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз