Өлең, жыр, ақындар

Есмағамбет пен Аппаз

Көшпелі жаппас Аппаз бір күні қыпшақ Бейіс қажы деген дін жолында қадірлі кісіні қонаққа шақырып әкеп отырғанда, ел аралап келе жатқан Есмағамбет кіріп келеді. Аппаз Есмағамбетті ұнатпаса да, құрметті қонағы Бейіс қажы келгенін тәуір көрген соң, үйіне енгізеді. Бірақ та сөйлеңкіреп отырады. Бұл көзқарасты Есмағамбет те абайлап отырды. Бір кезде Аппаз отырып:

— Ақун, бірталай ауылға барсаңыз да тәртеңізге ешнәрсе байланбаған екен, — деп ел қыдырғанын мінеп кекетеді.

— Уай, Аппаз-ай, сен білмейді екенсің ғой. Құдай жаратқанда адамды үш сортқа бөліп жаратыпты: 1-сорт: мына Бейіс қажы сияқтылар, өзінің несібесі үйде жатса да дайын, жұрт өзі шақырып береді. 2-сорт: мен сияқтылар, несібемізді ел үстіне шашқан. Барсақ, алып жейміз, жатсақ, құры қаламыз. 3-сорт: ең последный сорт сен сияқтылар, атадан қалған малын бағып күн көрмесе, бұлардың өз басына Құдай берген несібесі жоқ, — депті.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер