Баяғыда екі жігіт жолаушылай келе жатып, бір байдың ауылына таяғанда аттарынан түсіп, демалыпты. Біреуі қатты қу болса керек. Ол іштей «бай мен жолдасымды қоса бір алдасам» деп ойлапты да, жолдасына:
— Біз бүгін ана ауылдағы байдың үйіне қонамыз, ол үйге барғанда мен басқа жерден келген болайын да, сен маған ерген атқосшы бол. Бай үйінің алдына барғанда мені аттан сүйеп түсіріп, есік ашып үйге кіргіз. Одан кейін арқама қалыңдау қылып төсеніш қой, сонда алдымызға мол табақ тартылады. Табақтан кейін тегенемен тарының қауызын әкеледі. Мұны көбінесе байлардың атқосшысы жейді. Сонда алдымен бір уысын алып «біз де тойып қалдық қой» де дағы, аузыңа салып асай сал, әйтпегенде, олар саған тегенедегі қауыз түгегенше жегізеді, — деп ақыл үйретіпті. Айтқандай-ақ кеште бұларға түре табақ ет тартылып, артынан қолдың майын сүртуге тарының қауызын әкеліпті. Бай болған жігіт дереу атқосшылық істеген жолдасына:
— Ананы тез алып жібер, — деп ым қағыпты.
— Біз де тойып қалдық қой, — деп атқосшысы қауызды асап жіберіп, қақалып қалыпты. Бұған үйдегілер ду күліпті.
— Әттең, сенің мысқылшылығың-ай, — деп жігіт қақалған жолдасына қарапты. Сонда мұны байқап отырған бай:
— Қонақтар тоймай қалып, қауыз жеген екен, — деп қайтадан қазан астырыпты. Сөйтіп, қу жігіт амалын асырып кеткен екен.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі