1947 жылы күзде Буыршын өңіріндегі жергілікті орыстар Жеменейдің аудан қалашығын басып алып, сол өңірде барлау жүргізеді. Қоштай Намазбай деген жігітпен бірге қалашыққа келе жатып, жолшыбай ақ орыстардың қалашықты басып алғанын, жақсы ат көрсе-ақ тартып алып жүргенін естіп, жолдан қайтады. Қайтар жолда барлаушы орыстарға кез болады.
— Дереу қашайық, — дейді Қоштай Намазбайға, — сенің атың жақсы ғой, тез қашып құтыл.
— Қойға жетпес қоңырыңмен сені ұстап алмай ма? Мен құтылармын, сен қайтесің? — дейді Намазбай.
— Бір амалын табармын, маған қарамай жөнел.
Аты жүйрік Намазбай қашып құтылады да, Қоштай қолға түседі. Оқтың астында, көптің арасында қалған Қоштай:
— Үй, оны атпаңдар, ол менің балам, мылтығы бар адамдарды көрген соң қорқып қашып барады, сендер мылтық даусын шығармасаңдар болғаны, ұзаса бір-екі белдің астына барып тұрады. Мені тастап кетіп қалмайды, — дейді.
Бұл сөзге сенген ақ орыстар Қоштайды ертіп Намазбайдың соңынан барады. Бір-екі қырға асқан соң, арғы жағы көсілген сары жазық болады. Көз жетер жерде адам көрінбейді, Орыстар тұра қалып:
— Тосып тұратын балаң қайда? — дейді.
— Жас адам мылтықты адамдарды көріп қатты шошып кеткен екен-ау, — дейді Қоштай.
Қапы қалған ақ орыстар Қоштайдың атын алайын десе арық әрі шабан бірдеме. Қоштайды қамшымен бір-бір салып, боқтап кете беріпті. Сөйтіп, Қоштекең жолдасын да құтқарып, өзі де аман-есен үйіне қайтыпты.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі