Өлең, жыр, ақындар

Көзінің жыртығы болмаса...

Тағы бір жолы ауыл шетіне бір керуен келіп түсіпті. Ымырт жабыла Таңдайбай тәуір киімдерін киіп оларға барыпты да:

— Мынау ақ үй менікі, ел менің сөзімнен шықпайды. Не зат бар, шибарқыт бар ма? Ертең мен елді жиямын, саудаларың күсет болады, — депті. Мұны естіген керуен басы:

— Ойбай, байеке-ау, бар іздегеніңіз түгел табылады, — деп каукелек қағыпты.

— Ондай болса, бүгін маған алдын ала жиырма қойдың нәрсесін бере тұрыңдар, — депті Таңдайбай.

Керуен басы Таңдайбайдың айтқанын орындапты. Таңдайбай топ-топ шибарқыт, торғынды үйіне апарып тығып тастапты. Таңертең керуен басы байға барса, бай Таңдайбай емес.

— Ой, мен қашан сендерге бардым, қашан шибарқыт пен торғын алдым, — деп зар қағады. Алданғанын сезген керуеншілер ауыл аралап алдамкөсті іздепті. Керуеншілер Таңдайбайдың үйіне келгенде, Таңдайбай күпісін аударып киіп, екі көзін аударып есік алдында итаяқ шауып отырыпты. Мұны көрген керуеншілер төңіректеп тұрып:

— Япыр-ай, көзінің жыртығы болмаса түндегінің сақалы тап осыған ұқсас еді, амал бар ма? — деп жүріп кетіпті.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз