Күйеудің қайын жұртпен ойнайтын әдеті ғой. Құрымбайдың руына күйеу Нұрғабыл ақсақал мінезі жағымсыздау кісі болса керек. Кіндігінен бала болмағандықтан бүкіл қайын жұрты іштей мүсіркеп, бір жағы әпкелерінің көңіліне қарап «Нұреке, Нұреке» десіп, сый-құрмет, ілтипат көрсетеді екен. Ал Нұрекең күйеулігін міндет етіп, жұбайымен туыстығы алыстау қайын жұрттарының жынына тие сөйлейтін әдеті болыпты.
Бірде ауылда әйеліне жақындау екі-үш қария бірінен соң бірі дүние салған көрінеді. Нұрекең соның бір үйіне көңіл айта барса, сол жерде Құрымбай да отыр екен. Нұрекең оны қажамақ болып:
— Е, жаман емес, қайын ағалар шетінен қырыла бастады, — депті.
Нұрғабылдың туа жалғыз екендігін, бұл ауылда қайын жұрттарын сағалап отырғандығын білетін Құрымбай шамданып:
— Е, бардың бары өледі, жоқтың кімі өледі — өзі өледі, — депті.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі