Қыпшақтың Көлденең ұлынан тараған Қарақыз руы Жармағанбет қажының Сақи деген баласы Қойшыбаймен құрдас болса керек. Әкесінің жолын қуып Сақи да Түркістанға барып қайтуды әдет еткен. Бірде Сақи қажыдан келді, қолын алайын, амандасайын деп Қойшыбай келе қалады. Шамасы бірер жүзді қағып алса керек.
— Ассалаумағалейкум, — деп қолын алуға жақындағанда, Сақи:
— Әй, Қойшыбай, сен діннен шықтың ғой, мас адамға сәлем беруге де, алуға да болмайды. Міне, мына жыланды, — деп көрсетеді қолындағы кітаптан, — Ая Софияны он метр биіктікке отырған жерінен шаққанда денесінің үштен екі бөлімі жерде жатыр. Ертең өлгенде сені дәл осы жылан шағатын болады, — дейді.
— Енді қайтейін! Мына жыланның түрі жаман екен, — деп шығып кеткен Қойшыбай іркілместен Мәсәлім деген молдаға барып, мұнын шағады:
— Істегенім де көп, кінәм да көп, сіз молдасыз ғой, шариғатты көп білесіз, бір жеңілдік бере алмас па екенсіз? Сақи маған бір керемет жылан көрсетті ғой, сол жылан мені өлгенде шағатын болды. Енді қайтемін, қандай қайла табамын, — деп көзінен жасы ағып балаша жылайды.
— Бір Алланың өзіне сыйын, кеңшілігі көп Аллаға жалбарынсаң, намаз оқысаң, тарауықтан қалмасаң, күнәңді кешер — деп, ақыл береді Мәсекең.
Бір күні қарттар жиналып отырған жерде Қойшыбай:
— Әй, Сақи, мен сенің керемет жыланыңа бір әдіс таптым, түбі содан дұрысы болмас, — деп қояды.
— Иә, ол қалай? Ол не? — десті қарттар.
— Біздің үйде бір үлкен темір сандық бар, адал еңбегіммен таптым, мен өлгесін, сол сандыққа салыңдар, аузын жақсы- лап құлыптаңдар. Сонда жылан мені шаға алмайды, — дейді Қойшыбай.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі