...Ертеректе Көкшетау өңіріндегі Ақан елінен бір үйір жылқы жоғалады. Жоқшылар малының ізімен сұрау сала жүріп, жүздеген шақырым жердегі Ұлытау, Қарсақбай төңірегіндегі қалың Найман еліне барады. Айғақтардың сілтеуімен ат басын даңқты шонжар Сандыбай аулына тірейді. Тікелей Дүзен ақсақалдың үйіне түседі.
Бұл кез Дүзеннің қартайыңқыраған шағы, төрт баласымен өзара кеңесіп отырған үстіне келеді жоқшылар. Жөн сұрасты. Жоқшылардың басшысы Жанатай батырдың баласы Жұмабек:
— Бір үйір малым жоғалды. Бірнеше күндік жерден ізімен келдім. Тобын жазбастан осы қотанға келіп кірді. Тату-тәтті Арғын, Найманның баласымыз, ала алмай жүрген кегім жоқ. Малымды түгендеп бер, келген жолыммен қайтамын, — деді.
— Әй, сен кімді ұры дейсің, қайда отырғаныңды білемісің, — деп Дүзеннің төрт ұлы бірден ежірейе қалды. Ата-тегін балағаттап, білектерін сыбанды. Жұмабек бұл қоқайдан қаймыға қойған жоқ. Мырзалар Қарауылдың, қала берді Ақан руының сүйектері шіріп, жер болып кеткен ата-бабаларын балағаттаса, ол көз алдында отырған Дүзеннің өзін атады. Бұған намыстанған төрт мырза бірден Жұмабекке қона түсті. Жұмабек әп-сәтте үйрек ұстаған лашындай үстіне қона кетті.
Жоқшының осал адам емес екендігін, тегін кетпейтінін сезген Дүзен балаларына:
— Әрқайсымыздың үш-төрт адамдық күшіміз бар деуші едіңдер, төртеуің Қарауылдың бір қара домалақ жігітінің астына түстіңдер. Өзімді тірідей балағаттатып, масқараладыңдар. Жетеді енді, тұрыңдар, — деп зекіді.
Ұрлығын мойындаған, күш сынасуда жеңілген төрт мырза әкесінің нұсқауымен кездейсоқ меймандарға жақсы қонақасы әзірледі, малдарын мойнына қосақ, құйрығына тіркеумен жетектетіп қайтарды.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі