Есіл бойындағы Тоқтауыл елінен бір үйір жылқы жоғалады. Оны Торғай уезіндегі Қыпшақ, атышулы баукеспе Шашанбай ұлы Рахмет ұрлағаны анықталады. Бірақ ол қылмысы әшкереленіп тұрса да, теңдік бергісі келмейді, «жеңген жеріңде аларсың» дегендей күш көрсетеді.
Жоқшылардың басшысы Орақ Бәсең батырдың баласы Маты еді. Қашықтағы қалың елден, оның ішінде ондаған қарулы жігіт ұстайтын Рахметтен мал өндіріп алу оңай емес екендігін білген ол сөзбен ұтқысы келеді.
— Уа, Рахмет мырза! Атымды алдың, тай бер, тойға мінетінімді алдың, қойға мінетін бер. Осы билігімді соқыр төреге барсаң да бұза алмас, деп сөзінің аяғын әзілге айналдырады (Соқыр төре дегені — Рахметтің өзі. Оның бір көзі соқыр еді).
Сөзден тосылған және әзілмен өзіне қатал тигенін сезінген Рахмет жоқшылардың малын түгел беріп, Матыны риза ғып қайтарады.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі