Ертеректе Адайда Тәш деген атақты ұры болыпты. Өзі еңгезердей қарулы адам екен. Ел арасы көршілес ауылдарға тимей, қолды алысқа салады екен. Бірде қасына талай ұрлыққа бірге аттанған, үзеңгілес 3-4 қарулы жігіт ертіп, Жемнен сонау Жайық бойына жылқы ұрлауға аттаныпты.
Сол бағытында Жағалбайлының көп жылқысына тап болып, бірнеше үйір жылқы айдап, елге қайтып келе жатады. Екі-үш адам жылқы айдап алдарында жүреді де, Тәш және Сейітжан деген бойы аласа адам тосқауылда кейін жүріп отырады. 2-3 күннен кейін арттан қуғыншылар көрінеді, қарасы мол, оған шағын топ тосқауыл бола алмайтынын біледі. Айлакер ұры Тәш алдына Сейітжанды қуғыншылар алдынан шығып, дауыс жетер жерге келгенде:
— О, жамағайындар, ел қонып қалды, сақтаныңдар! — деп айқайлайды. «Ел қонып қалдысы» — көшіп келе жатқан ел едік (сол кез үшін аса қатерлі жұқпалы ауру-шешек, тырыспай келді дегені екен).
Сонда қуғыншылар аңтарылып, «босқа қырылармыз, «мал — жан садақасы» деп еліне қайтқан екен. Ал ұрылар мол олжасымен еліне келіпті.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі