Ақан сері Құлагері өліп, қайғының қамауында келе жатқан уақытында өз елінің халқы тайлы-таяғымен Қылышпай аулына келіп тосқан екен. Халқы келіп, Қылышпай ауылына түсіп, қой сойдырып, ас дайындатып отырғанда, «Ақан сері келіп қалды» деген хабар есітіліп, сонда елінің игі жақсылары алдынан шығып, тағам дайындалып жатқан үйге әкеліп, көңіл айтқан екен.
Сонда үй иесі, ел адамы Қылышпай Ақанға былай деп сөз бастаған екен:
—Уа, Ақаным, сенің Құлагеріңнің осы жолы өлетін реті келді. Өйткені сен тойға бара жатқанда қасиетті Қылышпай ауылына келіп, дәм татпай кеттіңдер, сырттан өте бардыңдар,—деп сөз бастапты.
Қылышпайдың табалаған сөзін естіген Ақан сері отырған орнынан ұшып түрегеліп, Қылышпайға қарап:
—Ей, Қылышпай, дұрыс айтасың. Ол заманда Пайғамбардың күйеуі, Алланың Арыстаны Ғазірет Ғалының Дүлдүлі топға шауып, орға құлап өлген деседі. Дүлдүл де сіздің елден дәм татпаған соң өлді ме?—деген екен.
Сонда кекеткен Қылышпай ауызына құм құйылғандай үн жоқ, Ақаннан тосылып отырып қалған екен. Орта жолдан осылай қамыққан Ақан сері қапаланып, еліне барып, қолдан келген өмірін жасай берді деп айтады үлкен адамдар.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі