Шығыс Қазақстанда Өтеміс деген ел қу тілді, сықақшы болған. Ол елді қулыққа баулыған атақты қу Жауыр деген кісі екен.
Елдің жайлаудағы кезі, найман ішінде матай руынан Есенаман деген бір елдің бастығы жолаушы келе жатып, түс мезгілінде ат шалдырып, намаз оқып аттанатын, қазақтын салтын [сақтайды екен].
Берсе түстік жеп, болмаса шай ішіп, қымыз ішіп аттанатын ел дәстүрі бойынша. Шеткері ақ отауда дуылдасып отырған үй сыртында тұра қап:
— О, сөйлес, — депті (Бірің шығып сөйлес дегені).
— Е, өзіміз де сөйлесіп отырмыз, — деп жауап қатты. Адам шықпады.
— Ей, бірің шығып кет, — депті. Бір шығып, өз бетімен кетіп бара жатыр.
— Ей, бірі кел, — деді. Келіп сәлем береді.
— Сөйлес дедің, сөйлестік, шығып кет дедің, тіліңді алып шығып кетіп бара жатырмын, енді атаңның қу шекесіне шақырдың ба? Кім боласыз, қай елсіз?
— Матаймын.
— Еһе, арқан жібің жете ме, қанша елді матайсың. Атың кім?
— Есенаман. (Бір көзі соқыр еді).
— Қатқаныңның басы есен-аманбысың, басыңдағы екі көздің бірі жоқ.
— Қап, мынаған шара болмас, — дейді қысылып.
— Үлкен үйеңкінің түбінен қазып алсаң, шара түгілі тегене де болады.
Ел жігіті атының басын бұрып, тартып отырыпты.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі