Шоң мен Шорман төс қағысып дос болыпты деседі. Екеуінің арасында сыйлыққа түйе де, бие де жүреді. Шорман байлығымен, барымташылығымен әйгілі болса, Шоң шешендік, тапқырлық, қызыл тілімен даңқы шыққан. Шорман ел-жұртын өзі қамшының үйіруімен билеп-төстесе, ендігі ұрпақты шешендік дәлмарлықпен қарапайым бұқараны аузына қаратумен билеп үстемдік жүргізуге Мұстафаны дайындаған деседі.
Бұған орай аздаған діни сауаты бар Мұстафа өз замандастарының қатарына аттылыға жол, жаяуға сөз бермеген.Шорман баласынөзорнына сайлайтынжылы елінен төрт-бес мырзаларын ертіп, Шоңдосының елінеекі күймемен аттандырған. Мұстафа бастаған бір топ өңшең өлеңші-домбырашы, сері жігіттер Шоңныңесігінің алдына келіп-ақ қалады. Әрине, Шорманның бұл жігіттерді екі-үшкүнгеқонаққа жіберуі — досы Шоңның ықыласын тану болса, екінші, баласының ел ұстар алдында Шоңның шешендік ұтымды сөздерінен ғибрат алсындеген мақсаты еді.
ҚонақтардыШоңның қонақ күтетін жігіттері қарсы алып, ақ отауға орналастырып жайғастырады. Қонақ асына екі биені тел емген құлын сояды. Жас қыз-келіншектеріне балауса тоқты сыбаға болады. Қазақтың мәдени әдет-ғұрпымен алтыбақан тігіліп, бүкіл елдің жастары үш күн, үш түн мәжіліс құрады. Ақындар өлең айтады, шешендер сөз сайысына түседі, тіпті кішігірім күрес те ұйымдастырылған деседі. Қызық думан көңілді өтеді. Өкінішке орай, үш-төрт күнге созылған мәжілісте Мұстафаның ешкімге сөзден дес бермеуі көңілде күдік қалдырған еді.
Төртінші күні жігіттер еліне ораларда Шоң Мұстафаның арысына ақ інген байлайды. Мұстафа «аттың желісіне ере алмайды ғой» деп реніш білдіргеніне қарамай Шорманның «Шұбары» желсе желеді, шапса желісін ұлғайта түседі деп еріксіз байлатқызған. Пәуескеге мінер алдында: «Мын бір хатты әкеңе берші, шырағым», — деп ұсынған екі тұмарша бүктелген қағазды Мұстафа қалтасына сала салған-ды.
Оралған баласының алдынан шығып, досы Шоңның қалай қарсы алғанын білгенше асығады Шорман. Дәм-тұз жағынан ешбір кемшілік жоқтығын арыстағы ақ інген-ақ айтып тұр.
Сонда:
— Ал, балам, кім не сөйледі? Нендей үлгі сөз ұқтың? — деген сауалға Мұстафа:
— Әке, үш күнге өзім жетім. Сөйлеушілер болған жоқ, аузыма қарады да отырды, — дейді, — айтпақшы, ұмытып барады екем ғой, мына бір хат берген еді, — деп баяғы тұмарша қағазды ұсынған. Шорман оқыса:
«Ақылы мұның көп екен,
Ақылының ұшы-қиыры жоқ екен.
Бірақ, бірақ ақылына
Айғыр салған жоқ екен», —
деп жазыпты Шоң. Сонда Шорман санын бір-ақ соқты деседі.
— Ойбай, балам, ... бет алды ешбір сөзге қонақ бермей лаға бергенсің ғой. Елден ер, ерден ер аспайды. Ел болған соң әр елдің өз шешені, өз ақыны, өз батыры, өз палуаны болады ғой. Әпербақандығыңды әйгілеп келген екенсің ғой, — деп өкініш айтыпты.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі