Әлгі оқиғадан соң Смайыл мен Жамал балуанның қадірлі нағашысы Исабек деген кісіге келіп, жездеден қарымта қайырып беруді өтінеді.
— Мақұл, жігіттер, бұл бір қызық болсын. Бордақының есесін қайтарайық, — деп Исабек атқа қонып, суық жүріп, Қажекеңнің үйіне келеді де:
— Қажеке-ау, ә, Қажеке, қара биең Сүйінбайдың жағасында ауызын жылан шаққан ба, жатып қалыпты ғой. Тезірек бармасаң, мына шілдеде құрттап кетер, — дейді де, атынан түспей кетіп қалады.
Қажекең қаупалақтап, қолына тұзы мен бізін алып, үйінен шығады. Күн шыжып тұр. Ауылдан әудем жердегі арқандаулы бие мен құлынға терлеп-тепшіп әрең жетеді. Келсе қара бие аман, құлыны қасында жайылып тұрғанын көреді. Сонда Қажекең ойланып, басын шайқап:
— Қап... Мына екеуі Исекеңді пайдаланып, бордақыда кеткен барымтаны қайтарды-ау, — депті.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі