Қажымұқан арада екі-үш ай өткізіп, Смайыл мен Жамалдың Исабекті пайдаланған қарымтасын қайтаруды ойлап, жол табады. Он, он екі жастар шамасындағы Есалыны (балуанның інісі Ескерместің баласы) шақырып алып:
— Балам, Смайыл мен Жамалға бар. Бірақ абайла... Есіктен ішке ен де: «Апамды сабап жатыр. Өлтіретін болды-ау.. Жүріңдерші, ағалар!» деп, өтірік жылаған болып, есіктен дереу шық та, үйге қарай жүгіре бер, — деп баланы жұмсайды.
Көп ұзамай Смайыл мен Жамал да есіктен апыл-ғұпыл ішке енеді. Сөйтсе, балуан тонынын оқтаумен сабап жатқанын, ал Мінайдың (Қажекеңнің әйелі) күбіде май шайқап тұрғанын көреді. Екеуі де өткендегі қарымтаны еске түсіргенде:
— Әй, балуан-ай, сені ешкім әзілдеп жеңе алмас, сірә, — дегенде Қажекең кеңк-кеңк күледі.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі