Өлең, жыр, ақындар

Бектұрсын ақсақал

Кешегі соғыс жылдарында халық барлық азық-түлікті майданға беріп, өздерінің уақытша болса да ашығуына тура келді. Міне, осы уақытта Кедей руының Бектұрсын деген кісісі бір қоян тұтып алып, үйіне әкеліп астырған көрінеді. Ауқат енді дайын болған кезде үйге сәлем беріп, бір қонақ кіріп келеді. Олар амандасып, жөн сұрасады. Ал Бектұрсын болса, өзі аш, ана кісінің дайын ауқатқа келгенін жақтырмай
отырады.

Ауқат дайын болып, алдарына келеді. Сонда қонақ:

— Апырмай, Беке, мына қоянды қалай ұстадыңыз? — деп сұрайды.

Сонда Бекең:

— Мына біздің кемпір дәрет алып отырса, аспанда бір бүркіт қоянға шүйлігіп келе жатқан екен. Қорыққан қоян біздің кемпірдің аяғының арасына кіріп кетсе, кемпір етегін жаба қойыпты да, қоянды құлағынан ұстап үйге әкелді. Мынау сол қоянның еті, — дейді.

Сонда қонақ тым-тырыс отырып қалыпты және қоян етінен ауыз да тимепті.

***

Біздің елде Әлмен Базаров деген кісі бар. Өзі бала кезінен бастап-ақ сөзге үйір, әңгімеқұмар кісі екен. Сол кісі 5 — 6 жасар кезінде жатар алдында әжесінен нан сұрапты. Әжесі:

— Таң атсын да, айналайын-ау, — десе, Әлмен:

— Әже, таң атпай қалса, қайтемін, — деген екен.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз