Алыстан арып-ашып келе жатқан жолаушы ауылға тап болып, шеткергі бір үйге түсіп, қонақ болыпты. Дастархан жайылып, шай келісімен ауылдың жігіт-желеңдері бірдіндеп осы үйге жинала бастапты. Қарны ашып келген қонақ өте ұсақ пісірілген бауырсақтың екі-үшеуін аузына салып отырса керек.
Мұны байқаған бір қулау жігіт.
— Естіген құлақта жазық жоқ, сіздің жақта бір молаға екі кісіден қояды деп естиміз, осы рас па? — депті.
Әңгіменің ыңғайын сезе қойған жолаушы іркілместен:
— Ол кісіне қарай ғой, егер кісі кіші болса бір молаға үштен де қояды, — депті.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі