Өлең, жыр, ақындар

Қарақұйрықтың еті

Шиелі ауданы (Қызылорда облысы) Коммунизм колхозының активтері Нүркеев Сыздық, Шайық Ықанов, Әнуар Маманов Қаратауды жайлаған колхоз малын аралап жүріп, сол өңірді қоныстанып отырған Қоңыраттың Жәукімінен шыққан аңшы кісінің үйіне қонады.

Келген қонақтарға Ақболат ақ жарылып, ақтарыла қоймайды да, әйелі ерінің сыңайын байқап, кепкен қарақұйрықтың етін асады. Тамақ желініп болған соң, Ақболат:

— Ас қайырыңдар, — дейді.

Сонда Сыздық:

— Қыдыр дарып, бақ қарасын, — деп Әнуарға қарапты.

— Көрдің бе асқан еттің қап-қарасын, — деп Әнуар Шайыққа қарапты:

— Қайтеді одан басқа таппағансын, аллоһуакпар, — депті Шайық. (Қарақұйрықтың еті кептірілген соң қап-қара болатыны бар). Ұялған Ақболат қонақтарына мал сойып, қайта сыйлапты.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз