Өлең, жыр, ақындар

Жүрекпен қарау

... Осы Ахмет қарт балалардың қызметіне байланысты өз елінен қашық мекендеді. Ұлы Отан соғысы жылдарының бірінде ол мекендеп отырған Жамбыл қаласына оның аталас туыстарынан екі жігіт келді. Сәлемдесіп, амандық білісу үшін қарт атасының үйіне барды.

Алдыңғы бөлмеде Ахаңның бәйбішесі отыр екен. Ол кездейсоқ келген меймандарды тани алмады. Онысы заңды еді, өйткені Ахаң елден кеткелі жиырма жыл болды.

Меймандар төргі бөлмеге кіріп отырды. Көп ұзамай Ахаң кіріп келді. Екеуі сәлем беріп, қолын алды да:

— Бізді танисыз ба? — деді.

Ахаң екеуін де жазбай таныды. Олардың:

— Бұл қалай, өзіңізден мүшел кіші бәйбішеңіз тани алмады ғой, — деген сезігіне:

— Басқалар көзімен қарайды, ал мен жүрегіммен қараймын. Сендер әрдайым менің жүрегімдесіңдер ғой, — деді қарт ата.

Сонда Ахаң 85 жаста екен. Келгендер оның зеректігіне, тапқырлығына таң қалды.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз