Торғай өңірінде атақты жылқылы бай атанған Бірәлі жолаушылап келе жатып, Сейдахмет шешеннің үйіне түсіпті. Шешен оған өз әлінше құрмет көрсетсе керек. Бай аттанарында:
— Сейдеке, сыйыңызға рахмет! Балаларыңыз да тәрбиелі екен. Осындай балдырғандардың ауызын аққа жарытпай қойған Алланың рақымсыздығын көрмеймісіз, — деп ақынның кедейлігін бетіне салық етпек болып, аяушылық білдіргенсиді.
Сонда Сейдахмет:
— Бірәлі, шырағым-ай! Осы қара борбайларға сауын болатын біраз бие айдатып жіберіп, Құдайды да бір ұялтсаңшы, — деген екен.
Сөзден тосылған бай еліне барған соң, шешенге сауындық бие жіберіпті.
13.07.2025 17:19
13.07.2025 17:11
10.07.2025 00:08
06.07.2025 15:59
11.03.2025 12:03
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
Ербол
Бірәлінің жомартығы дүйі жұртқа мәлім сондықтан мынадай ол кісіні сараң бай қылып көрсетудің қажеттй жоқ