Өлең, жыр, ақындар

Аралдық Жүсіпқалидың айтқандары

Руы — Ысық, Он екі ата Байұлы, Қамыс-Самар жерін жайлаған, Жүсіпқалидың бес ұлы болған. Олар: Аманғали, Бақтығали, Дәулетқали, Мүсірғали, Сайдығали.

Жүсіпқали бай болмаса да орта шаруадан жоғары дегендей, шаруасы болған. Жүсіпқалидың өзі шындықты бетке айтатын турашыл, қиянатқа жаны төзбеген, әділетті көксеген адам. Сондықтан оның тіліне, мінезіне қарап, бай-манаптар жақтыра бермеген.

Ол бір керекке жарайды-ау деген дос-жолдас, ағайын-тумаларын сынау үшін борандатып, үскірік аязды күндердің түндерінде түн ортасы ауа үсіп-шашырап оларға бара қалады екен. Оның бұл сырын түсінгендер құрақ ұшып қарсы алып, шалдырмаудың қамын жасайды екен. Ел оның қыңыр, шәлкес мінезіне орай «Қаракесір» деп атап кеткен екен.

Жылдардан жылдар жылжып өтіп, бостандық туы желбіреп, Совет өкіметі орнай қалганда Жүсіпқали жетпіс бір байдың бірі болып, конфескеленген болатын.

Жүсіпқалидың өзімен бақталас болып жүрген Жаншуак деген бай көршісімен дәм-тұзы бір жараспаушы еді. Сол Жаншуақ бай мен Жүсіпқалиды ұстап, қалаға милицияға алып келе жатқанда Жүсіпқали:

— Иә, Жаншуақ, қалай? Екеуіміз бүкіл Қамыс-Самарға сыймаушы едік, енді міне, екеуімізді алақандай жайдақ шанаға сыйғызып жіберген өкіметтен айналайын, — деген екен.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз