Аңыз бойынша, Түркістаннан шыққан Абылай бірде ең жақын туысқаны Әбілмәмбет ханның ордасына туысы оразбен бір атқа мінгесіп келеді және біраз уақыт бойы қарауыл руынан шыққан дәулетті қырғыз Жақсылық Дәулетбайдың қызметінде болып, жылқысын бағады.
Дәулетбайдың әйелі жат жерліктің өздері ұсынбайынша, ешқашанда тамақ сұрамайтынын байқайды. Ұсынған тамақты да ықылассыз алатынына және ешқашан кір ыдыстан ас ішпейтініне қатты таңданады. Бұл қырғыздарға мүлдем тән қылық емес. Бұған қожайын да назар аударады,
сонда ол оразды тергеп, оның шыққан тегін білген соң, ең жақсы атын мінгізіп, Әбілмәмбет ханға алып барады. Бұл ат әйгілі Шалқұйрық болатын. Жас сұлтанның шайқастағы алғаш серігі соныменен жауға шауып, Абылайға батыр атағын әперген де осы Шалқұйрық болатын.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі