Бірде Абылай ханның хабарымен қазақтың көп батырлары жиналады. осы батырлардың арасында шұбар атты Бөдес батыр да болады. Ол Абылай ханның да сенім артқан батыры екен. Сонда Абылай ханның Бөдес батырға арнап айтқан сөзін Есенсары жырға былай қосып мадақтаған:
— Қазақтың жиып алып, қосты басын,
Қалдырмай үлкен-кіші ақылдасын.
Жатыр деп қалмақ елі жеңіс бермей,
Мен салам халқым үшін мал мен басын.
Абылай қолы бірде жоңғарлармен бетпе-бет кездеседі. Сол кездегі көшпенділердің соғыс ережесі бойынша жекпе-жекке шығады. Қалмақтар жағынан қолбасшы батыры Шонжы шығады.
Абылай хан:
— Кезекке кім шығады? — деп жар салғанда, сақа батырлардың бірнешеуі найзасын кезеп тұра қалады. Ішінен Бөдес суырыла шығып:
— Хан ием, ақ батаңызды беріңіз. Алдарыңды орасам, әдепсіздік болар, бір жолы құрбандықтарыңа жарайын, — деп, бабамыз есік пен төрдей шұбар атымен келіп, тағзым етіп, рұқсат сұрайды.
Айқас басталып, әр жақ өз аруағын шақырысып, сайысқа түскен ерлерге ұран салып жатты. Сүт пісірмнен астам уақыт өткенде Бөдес Шонжыны аттан құлатады. Қазақ мерейі үстем болып, қазақ қолы жеңіске жетеді.
«Қырық жігіт болып жолға шықсаң, бір жолдасың Бөдес болсын, сонда жолың болады» деп аруақты батыр жайында ел аузында қалған қанатты сөз бар.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі