Темірдің шешесі Сақыпжамал осы баласына екіқабат кезінде түс көріпті. Түсінде ол бала емес, жылан туыпты. Сол жылан көз алдында үлкейіп айдаһар болыпты. Алдымен ол өзінің туған анасын жұтыпты, артынша сол кездегі Сырдария билеушісі Тоқалақты жұтыпты. Бұл түсін екіқабат келіншек үйіне кездейсоқ қонақ болған жолаушы кемпірге жорытыпты. Кемпір сатқындық жасап, бұл түсті Тоқалаққа айтып қойған. Қатал хан екіқабат келіншекті алдырып, өз қолымен ішін жарып, мазардың ішіне көмусіз тастатқан. Сақыпжамалдың туған сіңлісі Теккене жеті айлық тірі жатқан баланың кіндігін тісімен қиып, баланы алып кеткен. Шешесінің ішіне пышақ салған кезде кішкентай баланың оң аяғына зақым келіп, ақсақ болып туған. Әлгі он алты жасар әлі беті ашылмаған бейкүнә қыздың емшегінен сүт шыққан, баланы өсірген. Ақсақ Темір өмір бақи шешем, анам Теккене деп кетті.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі