Тұранның даңқы әлемге тараған әмірі Ақсақ Темір қалың қолмен жырақтағы жауға аттанып бара жатып Түркістан шаһарына соғыпты. Алыс жолдан арып-ашқан әскері де малуға үй-үйге бөліне бастапты. Ақсақ Темірдің өзі бір оқшау үйде оңаша қонып отырғанда, үй иесі кемпір оның алдына табақпен бидай көже әкеледі. Қарны ашып келген Темір қасық толы көжені ұрттаймын деп аузын күйдіріп алып:
— Шеше-ай, көжеңіз ыстық екен ғой, — депті.
Сонда мейманның жер-жаһанды тітіреткен қаһарлы қолбасшы екенін білмейтін кемпір:
— Әй, шырағым-ай, «көжені бетінен алады, жауды шетінен алады» дегенді естімеп пе едің, жаңа піскен бидай көжені қалқып ішпесең, аузыңды күйдірмей қайтеді, — депті.
Талай ұрысты көрген тәжірибелі Темір қарапайым кемпірдің: «жауды шетінен алады» деген сөзінде соғыс өнеріне сабақ боларлық даналық жатқанын ішке түйіп қалған екен дейді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі