Орманбет хан қарадан Қарагөз деген қыз алып, Асан қайғыны тойға шақырған екен. Асан қайғы келмеген. Және құладынды қайырып, аққу ілдірген той қылған. Асан қайғы келмеген. Және хан Қазан қаласына тас мешіт қылдырған, той қылған, Асан қайғы келмеген. Сонда хан Асан қайғыға ашуланып, жасауыл жіберіп шақырып алып:
— Мен үш той қылдым, шақырдым, біреуіне де келмедің. Менің қуанышыма қатынаспадың, — депті. Асан қайғы тұрып:
— Әй, хан! Мен неге қуаныш қылып келейін, сен ақсүйек татар едің, қарадан қатын алдың. Хан едің, сүйегің қараға араласты. Құладын ие құстың құлы еді, аққу ие құстың ханы еді. Хан басыңды қараға алдырдың. Тас мешіт тұрғыздың, кәпір менен мұсылманның шекарасын айырған — Құдай. Мұсылманды ақ ауру, кәпірді қара ауру қылып жаратқан халал мен харамның шекарасы айырған мешіттің негізіне халал ниет ... түлкіден қызыл, тырнадан ұзын, мұрны біздей, көзі тұздай атын көмдің. Енді мешітіңді кәпір алады. Оның неменесіне қуаныш қылып келдің, — деген екен.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі