Қалмақтың ханы Қараман қырық мың әскер алып, өзбектің шаһарын шабуға кеткен екен, Қайнекей, Тінекей деген екі қарындасын: «Елге ие болыңдар» деп. Қараманның Бозтұлпар деген тұлпары жылқыдан жалғыз шығып, ойнақтап шаһарға келіпті. Соны Қайнекей, Тінекей көре сала:
— Япырмау, бұл не сұмдық? Біздің жылқыға жау қарасы көрінген екен. Бізге батып беттеп жан келе алмаса керек еді. «Аққала деген жерден, Тама деген елден Шора батыр деген ер туды» деп еді. Дәу де болса сол шығар, — деген.
Ауызды жиғанша, қалаға шу толып кетті. үш күн ұдайы талан-таражы қылып, қырғын басылып, Қайнекейді Есім би алып, Тінекейді Тасан мырза алып, Қараман ханның қызын Шора батырдың қойнына салып, Шораны таққа отырғызып, хан көтерді. Сөйтіп, арада бір ай өткеннен кейін баяғы өзбектің қаласын талауға кеткен Қараман өзбектерді жеңіп, қыламын деп барғанының бәрін түгел қылып, өзбектің қыздарын әскерлерінің басшыларына алып беріп, еркектерін құл қылып алып қайтып қаласына келсе, тамалардың әскері өз елін сондай қылып тұрғанының тұсында Қараман Шораға елші жіберді:
— Менің боз тұлпарымды беріп жіберсін, өзі жекпе-жекке маған шықсын! Жаман-жасықтардың жанын түкке тұрмайтын қанын шығынға шықпайық, шығармайық. Ел үшін Есім би, Тасан онда да бар шығар, осында да бар шығар, бірақ Шора мен Қараман жоқ шығар, — депті. Шора Қараманның ол сөзін мақұл көріп, қол бастап, сахара майдан далаға шықты. Қараман мен Шора жекпе-жекке шықты. Шора Қараманды жықты, алқымынан сықты.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі