Сен жалғыз емессің!
Көкте нұрын шашқан күн,
Жерде жұпар шашқан гүл,
Жүректе жалын атқан өлең,
Өзінді күні-түні ойлап жүрген МЕН бармын!
* * *
Шапақты нұрын төгіп атар таңымсың,
Басыма біткен бағымсың,
Бұлақтан мөлдір тамшы боп аққан ағынсың,
Сен – менің ғана жанымсың!
* * *
Мейірім нұрын шашқан күнімдейсің
Өмірімнің қуат көзі өзің деймін
Жаным менің жалғысырап қалғандайын
Бір көрмесем өзіңді мен іздеймін.
* * *
Өмір саған жылы сөзін арнасын,
Қайғы-мұңға жүректе орын болмасын.
Жанарыңнан күн күлімдеп әрқашан,
Ай мен жұлдыз кеудеңе кеп орнасын.
* * *
Махаббат деген қазына,
Күшін жетіп қаза алсан.
Махаббат деген оралмас,
Күтіп қанша сазарсан.
Махаббат деген торда бар,
Шыға алмассын қамалсан.
Махаббат деген өлмейді,
Найза да болып қадалса.
Осының бәріне төзгейсін,
Махаббат үшін жаралсан.
* * *
Көңілім саған деген суыды жаным,
Сезімімді сен менің ойламадың.
Кешіре алмадым оныңды, кешірмеймін,
Бір айтарым мәңгі мені ұмыт деймін.
Ақымақтық бопты саған сенгенім,
"Жаным" деген сөздеріңе көнгенім.
Үздің ғой сол бір нәзік үмітті,
Енді қалай сезімге мен сенейін.
Махаббатты бір үлкен сезім дейді,
Түсінер оны үлкені, жасы мейлі
Ол деген екі жастың қалауы ғой,
Кедергілер тап болса да кідірмейді.
Ал сен болсаң кедергіден қаша бардың
Батырлықты, батылдықты танытпадың
Бірақ саған еш жамандық тілемеймін
Неге бәрін бір сәтте ұмыта салдың?
Демек саған ұмыту оңай болды,
Өсірген "Махаббат гүлі" ерте солды.
Енді қайтіп көріспейміз ешқашан,
Әттең-ай, неге бәри солай болды?!
Қателік жіберді кім арамыздан,
Жан едің сен мен үшін дара туған
Қайтеміз, қалмады басқа амал да,
Жүрегіміз түйіспеді бір арнада.
Ең алғаш ұнатқаным сен едің,
Сезімімді мәңгіге сен өртедің.
Бірақ енді жүрегімді қинамаймын,
Сені ұмытам, сағынбаймын, жыламаймын.
* * *
Мәні кетті.
Сәні кетті.
Өмірім босқа өтуде.
Үндемейсің.
Сөйлемейсің.
Ал мен жүрмін күтуде.
Жаздың соңы.
Гүлдер солды.
Жанбырлы күн толассыз.
Жастар деген
Жүр екеуден
Ал мен жүрмін жолдассыз.
Кешір мені
Мен де енді
Мазаңды сеннің алмаймын.
Сөздер айттып
Сені мұңайтып
Әуреге сені салмаймын.
* * *
Жүрегім нұр сыйлаған ғайыптан,
Сен екенсің, алдан атар жарық таң!
Сені ойлаймын шабыттанған шағымда,
Сені ойлаймын кездерімде жабыққан.
* * *
Махаббат өтірікті қаламайды,
Көз салып ешбіржанға қарамайды.
Егер де уәдесінен тайып кетсе,
Жүректі атқан оқтай жаралайды.
Не қиын, сүйгеніңді көрмеу қиын!
Жүректің қызғанышын бүркеу қиын!
Таңдаған топ ішінде сүйгеніңді,
Басқаның құшағынан көру қиын!
* * *
Сүйемін сені неге екенін білмеймін
Неге жаным сені іздейді күні-түн
Болсам деймін мәңгі сенің қасында
Бірақ қазір арманымсың тек қана....
* * *
Арайлаған таң атып,
Нұрын шашты ғарыштан.
Сағат оннан бес кетті,
Қайырлы күн Данышпан!
* * *
Сен менің жалғыз жанымсы,
Сен жоқта мүшкіл халім шын
Мұң басып түндей түнерсем,
Ағарып атар таңымсың.
Басыма қонған бағымсың,
Көңілімнің алтын тағысың.
Қасымда дәйім жүрсең де,
Армандай алыс сағымсың.
Айналдым қоңыр көзіңнен,
Айырған мені төзімнен.
Жарылсын жүрек шаттанып,
Сүйемін деген сөзіңнен.
Сондайсың, сәулем, сондайсың,
Жағасы бұлғың тондайсың.
Жаралып жанды жылатпай,
Басыма бақ боп қонғайсың.
Тағастыз күтіп-тосамын,
Жырыма сені қосамын.
Сөзіңді берсей, болайын,
Тәңірі қосқан қосағың!
Тезірек, жаным, жетсеңші,
Сағындым.... өлдім...тек сенші.
Толқыған жүрек тыншысын,
Сенімнің гүлін ексеңші.
* * *
Сағындым сені, сағындым,
Көркіңе сенің табындым.
Ғашық та қылған өзіңе,
Сезімге сұлу табындым.
Айналдым сенен, айналдым,
Қазықтай саған байландым.
Сендікпін деген сөзіңнен,
Жабырқай көңілім жайландың.
Бақытым болған бақ-құсым,
Періште сынды пәктісің?!
Сүйгенде тілің бал-шекер,
Не деген, жаным тәттісің.
* * *
Жүрмейді тек жүрекке әмір бөтен,
Шын сезім-қол жетпейтін тәңірге тең.
Өксікпе өте шығар сүрген өмір,
Егер де махаббатты жәбірлесең.
* * *
Тосылам айтуға тіл жетпей,
Тұр сезім ақылға билетпей.
Тұңғиық ойларға батырдың,
Ұлылар қалдырған суреттей.
Сұлулық алдында бас ұрдым,
Келмейді сырымды жасырғым.
Мендегі оятар шабытты,
Муза ғой әр талы шашыңның.
Сезімге мендегі тіл бітті,
Түлеттің, гүл еттің тірлікті.
Көздерім - елшісі жүректің,
Жасыра алмайтын шындықты.
* * *
Жастықтың шамы – махаббат,
Бақыттың дәмі – махаббат.
Сүюдің ұрса киесі,
Жанарлар өтер боталап.
Махаббат – мәңгі таусылмас,
Мүскінге мойын ол бұрмас.
Жүрекпен адал сүйгендер
Сезімнің гүлін солдырмас.
Махаббат – асыл гауһар тас,
Махаббат жыры таусылмас.
Жалын боп жанған ғашықтар
Бір-бірін жолда қалдырмас.
Жүректің нәрі – махаббат,
Сыйластық мәні – махаббат.
Тірлікке тірек болатын,
Өмірдің мәні – махаббат!
* * *
Мен сенсіз өмірімді елестете алмаймын мүлде, мүлде.
Екеуімізде таң мен түс, түнде бірге.
Жүрек сырын шертуден басқа адаммен,
Өңім түгіл, ойлауға жасқанам мен.
Мен мынау дүниенің келең кезі, асуларын,
Асулардан қиналсаң қасыңдамын.
Жүрегінен жаралайды ғашық жаным,
Махаббаттың әуелі жасыл бағын.
* * *
Мен сені сағынғанда,
Қарамай жауындарға, дауылдарға.
Қарсы қарап жүземін ағындарға,
Кеудемде қимылдаған жаным барда.
Мен сені сағынғанда,
Бір минутта қақым жоқ дамылдарға.
Сағыныштың сағымын жамылғанда,
Қарамай қара нөсер қағынғанға,
Саған ұшам, қалмайды сабыр жанда,
Мен сені сағынғанда, сағынғанда.
* * *
Көркем келбет көздiң болар әлегi,
Ғашықтықтан адам мәңгi дәмелi.
Көкірегiнде жауқасын жыр көктесе,
Жан дүниенің таза болған әлемi.
Қайырлы түн, жана ғана сөйлескен,
Сұлулықтың жан толқытқан дәнегi.
Сенде үлкен парасаттың лебi бар,
Тұнып тұрған дерт бiткеннiң бар емi.
Сүйiп алңым кеп, шаққа мен тоқтадым,
Менiң жаным мейірiмге зар едi.
Пәк пейiлдiк, ак ниеттiк негiзi,
Салтанатты өмiрiмнiң сәнi едi.
Кiшiпейiл, ашық адам боп кеттiм,
Көкіректiк менде тегi бар едi.
Мен өзiңдi құрметтеймiн деп айта алам,
Адамдығым адалдықтың жағы едi.
Түн қойнауы саған сиқыр түс сыйлап,
Түс көр, жаным, мен туралы әдемi.
* * *
Арта сап күндi бiр күнге,
Ойға алмау сенi мүмкiн бе.
Жылулық сенiң тәнiңде,
Сұлулық сенiң күлкiңде.
Менiң де, жаным, сенiң де
Киемiз асқак тегiнде.
Шашыңды майда жел сүйсе,
Демiм де, менiң лебiм де.
Жанымды сөзбен емдерсiң,
Келме демессiң, кел дерсiң.
Жаныңа бiреу сүйенсе,
Сен соны, жаным, мен дерсiң.
Өзiңдi алсам тек ойға,
Теңеймiн күн мен сенi айға.
Ұйкыға батар шақ туса,
Өтiнем, жаным, менi ойла.
Жандарды жайсаң ақ кеуде
Қисын келмес жат деуге.
Көрпеңдi мен деп елестет,
Жамылып жатқан сәттерде.
Көңiлдiң жүрек төрiнде,
Сезiмнiң тынық көлiнде,
Басыңа төсеп жастықты –
Ол менiң оң жақ қолым де.
Иіскесем аппақ мойныңнан,
Болшы бiр мен деп бой ұрған.
Төсіңе тартқан орамал,
Түскенде сусып қойныңнан,
Атымды менiң бiр айтшы,
Мен шықпайын тек сенiң ойыңнан.
* * *
Табам ба деп жан дертiме емiмдi,
Талай түндер жастыққа бас берiлдi.
Айтшы, жаным, неге қайта мен жұтпаймын,
Сенен шыққан жұпар ауа демiңдi.
Ақ бiлектiң арман болып елесi,
Жалғыз жүздi жүрегiмнiң кемесi.
Ғадауатқа оңайлықпен алдырмас,
Махаббат қой ғашықтықтың егесi.
Өткен шақтан бұл дәуренге келдi үлгi.
Маған, қалқам, бүкiл сендiк бер мұңды.
Өкiнiштi-ау ең болмаса қасық боп.
Мезгiл сайын өппегенiм ернiңдi.
Жантайып ап сезім жанның қаусарын,
Басар едiм құмар көңiл аңсарын.
Өкiнішті-ақ тарағыңның орнында
Болмағаны кең салалы саусағым.
Бес минутсыз уакытша құр желiксiз,
Аяласам, аймаласам ерiксiз.
Жаным! - деп айтқан жалғыз сөйлемдi
Айта берем қалған шақта ерiксiз.
Мiне осылай күндер өтiп барады,
Тырна қайтып, көк жолақ жол тарады.
Менi мынау әлдилейдi желпiп тек,
Сенi жазған ақ дәптердiң парағы.
* * *
Жүрекпен сенi ән еткен,
Iзгiлiгiмен дән еккен.
Мен бiр жаралы үйрекпiн.
Өзiңнен шипа дәметкен.
Бал шәрбатыңа қансам ғой.
Махаббат деген дәнекпен.
Тамсанып қарай беремiн.
Дидарыңды ұғып агенттен.
Қыс қара жердi қар еткен.
Жоқты ғашықтық бар еткен.
Жұтынумен мен жүрмiн,
Кызығып қазiр әлекпен.
Сен менi қарсы аласың ба,
Қасыңа барсам «момент» мен?
Жүре берем бе осы әлде,
Құр сөзбен, жырмен, агентпен.
Қызығыма әлi қанбассың.
Екеумiз қалып архивте,
Хиқаямызды шаң бассын.
Осы айтқандар дәл келiп.
Алла-тағала қолдасын.
Салем жазған Жаңалык.
Жауабын, қалқам, жазарсың.
* * *
Мен сенi iздеп жүрмiн көшеден де,
Көп болды маған еткен осы елеңге,
Бiреудiң арқау боп жүр жолдасы әнге.
Бiреудiң қосылып жүр досы өлеңге.
Мен сенi iздеп жүрмiн даладан да,
Iз тастап кеттi ме деп аппақ қарға.
Алайда қар үстiнде өз iзiм қап,
Шаршап кетiп жантаям жағалауға.
Мен сенi iздеп жүрмiн теңiзден де,
Дауыл мәз менi шайқап дем үзгенге.
Бiрiне тiкен кiрсе тең шаншитын
Екеумiз ұқсаймыз-ау егiздерге.
Мен сенi iздеп жүрмiн кыр белестен,
Жұлып ап жусан түбiн iргеме өскен.
Умаждап алақанға иіскейін кеп,
Шыққандай ұмытылып бiрдеңе естен.
Мен сенi iздеп жүрмiн қалалардан.
Қол бұлғап қарсы алдымнан бағалы арман.
Жанымның жыртығынан жел үрлейдi.
Өзiңсiз пайдасы жок жамағаннан.
Осылай iздей берем, iздей берем.
Мен сенi жемiсi көп күздей көрем.
Күбiрлеп онаша бір сәттерiмде.
Қай кезде кездесермiз бiз, дей берем.
Мен оны, менi осындай iздейдi өлең.
* * *
Жаным болшы жарқырап күндей күлген,
Жалын болшы от демiн бiрдей бiлген.
Арым болшы, өзгесiн бiлмеймiн мен.
Бәрiн көршi сен үшiн гүлдей бiлем.
Жаным десе - дегендей барсың жаным.
Мендей жайсаң жандарға жансың мәлiм.
Келшi, қалкам, өмiрдi бір кешейiк.
Адам iзi түспеген қар шыңдарын.
* * *
Бiреу тап болса жүректi жылдам баураған,
Ашық айта бер, ол адам - емес жау маган.
Менде бар сезiм, мүмкiн, сенде де бар шығар.
Көңiлiнде көктем, махаббат гүлi қаулаған.
Қызганыш жеткен түбiне талай жандардың,
Басқадан бақыт таба алсаң - демейм алдандым.
Ғашык болдым, амалым жоқ, қайтейн.
Мен мүмкiн әлсiз, сабырсыз, аңқау, аңғалмын.
Ақ көйлек киген түсiмде көрдiм кейпiңдi,
Түн толкып бiттiм, бұздым да шырын ұйқымды.
Онсыз да оңбай жүрген жан дүнием едi ғой.
Ғашықтық менiң шығарды ұйқы-тұйқымды.
* * *
Жүрегiм егiз бе екен жүрегiңмен,
Қадiрiн өзiң шығар бiле бiлген.
Сырыма түндегi ай мен жұлдыз ұйып,
Жырыма көкте күндiз күн егiлген.
Сен менi iздейсiң бе сағынып шын,
Сөйлескенде байқадым жабығыпсың.
Соңыннан асыл қайырмаларыңмен.
Жанымды дәл өзiмдей жақсы ұғыпсың.
Қимаймын, сагынамын, егiлемiн.
Адалдык, әдiлеттiк - менiң елiм.
Көзiмдi әрбiр кеште жатар алды.
Жаныма жар бола гөр деп iлемiн.
* * *
Махаббат – ұлы жалғанда ең,
Теңесер оған кәне, күш!
Махаббат – асыл арман мен
Өртену, жану, сағыныш.
Махаббат – қуға жат мекен,
Құдірет оның аты да.
Махаббат - ғажап ақбөкен,
Айырылып қалсаң қапыда.
* * *
Сүйемін сағынамын мен өзіңді
Сүйген адам сағынады тек өзіңді,
Мен емеспін,мен емеспін ғашық адам
Тек жаным ғой АЙДА деп сарылдаған.
Өмірде көп емес ау ғашық адам,
Қандай шара,не істеймін,не істей алам?!
Мен өзіңді сағындым,сағына алам.
Тек шын ғашық адам,
Шын жүректен бір адамды сағына алған!
Сағынамын, бара алмаймын жаныңа,
Ашынамын сорлы мынау басыма.
Сағындым, өзіңді сағындым,
Сағыныштан сағымыңа таңылдым
Көрген сайын көлеңкеңді
Жанымда бол деп жалындым
* * *
Түсінбедім өмірдің тылсым сырын,
Кімге барып, кімге айтам көңіл мұңын.
Жұлдыздардың тамашалап аппақ нұрын,
Айдындағы аққудайын жалғыз жүрмін,
Ай жүзінен жыр түзіліп, самал ессе,
Таңғы шықтай ақ тамшыдан моншақ терем,
Неге сонша егіліп жылай берем,
Бағым, сорым – қайсысын сағым дер ем.
Шын ғашықтар сағынудан шаршамайды,
Шын асықтар мәңгі бірге бола алмайды –
Мұның бәрі жүрегімді жаралайды,
Бірақ та мен сенсіз өмір сүре алмаймын.
Сенсіз жаным солған гүлмін тасты жарған,
Сондықтан да сенің бағың – маған арман.
Бір сен үшін құлар едім биік жардан,
Бірақ бірге, өйткені өмір қалар жалған.
* * *
Өзіңсің
Нұрымен арбайтын,
Тек менің күнімсің.
Қасымнан қалмайтын,
Көлеңкем өзіңсің.
Гүлімен жаулайтын,
Көктемгі әнімсің.
Көңілде қаулайтын
Махаббат бағымсың.
Жаныма нәр берген
Тек сенің азығың.
Жүректі өртенген
Өтемес жазығың.
Сен менің бақытым,
Сен менің жырымсың,
Мәңгілік жақұтым –
Сый толған сырымсың.
Арманым көктегі,
Жанымның көктемі –
Өзіңсің, өзіңсің
Сыңарым тек менің.
* * *
Сағыну
Күнім-ау, жарығысың жүрегімнің,
Күңіренсем жаныңмен жылай білдің.
Күн сайын Жаратқанға жалбарынам,
Шешілсе деп сұрақтары бұл өмірдің.
Сен жайлы түс көрем де, жылап тұрам,
Бар қайғым – жүрегіңде жырақтаған.
Саз-сағыныш өзегімді құрыптады-ау,
Қайтсем екен күдігіміді шырақтанған.
Сенен мәңгі көз жазып қалғанымда,
Сөнер еді бәрі де, арманым да.
Мен қорқамын аз ғана алшақ кетсең,
Бөтен жанның түсем бе деп қармағына.
Өз түсіме өзім жалғап үмітімді,
Сені ойлаумен өткізем күн-түнімді.
Бүгін тағы армандадым атар таңды,
Бір сәтке ысырып бар күдігімді.
* * *
Айнасыз әлем, жұмыр Жер
Айналмас Күнді бекерге,
Аймалап Ай да серігін,
Аялдап қалмас бір дем де.
Аспандағы жұлдыздар
Атар ма күндіз кеудемде?
Аллаға мадақ! Сауал бар:
Арманым аңыз, жетем бе?
Аялап өтем ән-жырды,
Айырбас етпен бөтенге,
Сүйем деп соққан өзіңді
Жүрекке әмір етем бе?
* * *
Таң атқанда жүгіретін, күшігімен көрші қыз,
Атын танып білмеуші едім, бірақ, біздер көршіміз!
Терезеден сығалаған - мені байқап қоятын,
Сезімімді сезбеуші едің,
Әттең, әттең, көрші қыз!
Суреттедім, ұйықтап жатып түсімде,
Сурет па едің, ғажап па әлде, мүсін бе?
Терезеден сығалаған – маған қарап жымидың,
Бұл не пәле? Жоқ, сиқырлы күшің бе?
Көңілімде көктем орнап кететін де тұратын,
Сені көріп, арнасынан тасып жатты қуатым.
Өзгерісін сезесің бе, көрші қыз-ау, сезімнің
Қылқаламын қолына ап, жиі шабыт тұнатын?
Тіл қатамын саған қарап, бірақ, әйнек артында.
Сұлулығың сақтала ма өмір бойы қалпында?
Сеніменен шектеп қойған ылғи шыны болатын,
Сен деп жүрмін менің жұбым, менің жұбым, жартым да.
Жүгіресің, күшігіңді ойнақтатып жаныңда,
Боп тұрасың айналардай гүл бейнеңмен сағымға.
Сені көріп, сырға батып, түйінімді түсіндім,
Шектеудің жоқ екендігін сезім дейтін ағынға.
Шыны артында әлі жүрмін тіл қатуға бата алмай,
Терезеде әлі тұрмын, ілмекті ұстап аша алмай.
Сені көріп, күтіп алып, сезсем бе деп қолыңды
Есікті ашам, іркілемін, тысқа қадам баса алмай.
Сол бір түні мен өзімде батылдықты ашқанмын
Ал, таңертең жүгіретін – сені күтіп тосқанмын
Бұрылыстан сені көріп қуанған ем, Қап! Әттең!
Күшігің жоқ, Қолын ұстап келе жаттың басқаның.
Ғашық болған жүрегіме жоқ ешқашан кешірім,
Тимегені дұрыс болды менің саған кесірім.
Саған қарап сығалайтын әйнектегі жақтауда
Қалып қойды суретің мен «Көрші қыз» деп есімің.
* * *
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Нəзік
Мен бөпеме тілектер жазам
Диас
Рахмет