Қарлы боран Бірінші сыныпта оқитын Ғабит таңертең үйінен шықты. Сыртта боран ұйытқып тұр. Ағаштардың шуылы құлақ тұндырады. Бала шошып кетті. Бір теректің түбіне барып, бұға қалды. Ол енді мектепке бармау жағын ойлады. Сол сәтте ол бір жөкенің түбіне барып бас сауғалап тұрған Тәкенді көрді. Тәкеннің үйі көрші болатын. Ол да мектепке бармақ болып шыққан. Бірақ әрі қарай жүруге жасқанып тұр еді. Балалар бірін-бірі көріп, қуанып кетті. Олар қарсы жүгірісіп келді де, қол ұстасып, мектепке қарай тартты. Азынаған қарлы боран әлі де ұйытқып тұр. Балаларға ол енді тіпті де қорқынышты болмай қалды. Тапсырма: 1. Мәтінде неше кейіпкер бар? 2. Неше өсімдіктің атауы жазылған? 3. «Көрші» сөзіне қатысты мақал білесің бе? 4. Балаларға күш берген қандай күш? Ол күшті қалай атауға болар еді?
- Виктор Франкл
- Карл Густав Юнг
- Эрих Фромм
- Ханна Арендт
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі