Қатардағы қарапайым шаруа, «шалғайдағы бір елдің патшасы жомарт екен, шаруаларға қалағанынша жер береді екен»,- дегенді естіп, сол елге аттанады. Мақсаты көбірек жерді игеру арқылы көп табысқа кенеліп, бай болу еді. Патшаға барып жер алуға деген ниетін білдіреді. Патша шынымен де жомарт адам екен. Шаруаға: «Таң ертеңгісін күн шығып, батқанға дейін жүріп өткен барлық жерлер сеніңкі болады. Бірақ күн батқанға дейін жүруді бастаған жеріңе қайтып келуің қажет. Келмеген жағдайда иелігің күйеді, яғни жерлеріңнен айрыласың», — дейді. Шаруа таңның атуымен жүруді бастайды. Тау-тастар, жазық дала, бау-бақшалардан өтеді. Енді кері қайтпақ болғанда көз көрім жердегі ағып жатқан өзенге көзі түседі. Оны да иелігіне қосқысы келеді. Өзеннен өткенде егінге өте қолайлы, құнарлы жерге тап болады. Оны да жүріп өтемін деп жүргенде кеш батуға таяп қалғанын аңғарады. Содан кері қарай жүгіре жөнеледі. Тоқтаусыз, ұзақ жүгіргендіктен шамасы қалмайды. Сонда да кідірмей, мұрнынан тамшылай бастаған қанға арамай, әлсіз қадамдармен алға ұмтыла береді. Бастаған жеріне жетуге аз қалғанда жерге жығылады, содан қайтып тұрмайды. Бұған куә болған патша, мазар қаздырып шаруаны көмеді. Мазар басында тұрып: «Адамға осындай ғана жер жеткілікті», — деген екен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі