Жан апайыма құттықтау

Басты бет / Тілектер мен құттықтаулар жинағы / Жан апайыма құттықтау

Жан апайыма құттықтау — Тілектер мен құттықтаулар жинағы бөліміндегі материал.

Материал — құттықтау, тілек, апай, әпке — осы тақырыптарға байланысты.

Туған күнді тойлаған,
Шаттанады тойда жан.
Жасына жасты жаматып,
Қосады екен жылда адам.
 
Жылдардан өткен із қалды,
Самайды қырау боз шалды.
Өмірді өткен барласаң,
Көңілге түрлі ой салды.
 
Кешегі бұла кез қайда,
Ойнақы күлім көз қайда?
Талдырмаш бойлы, ай мүсін
Келісті, сұлу қыз қайда?
 
Бәрі де болған... өтті жаз,
Сыбызғы үнді кетті саз.
Аққу ма мынау кешегі,
Балпаңдаған мама қаз?
 
Жүректе сызат-әжімдер
Тағдыр салған “әзілдер”.
Мына өмірде кім-кімді
“Тақсырға лайық - тәжім”, – дер.
 
Осылай толғап кеткенде,
Есеп беріп өткенге.
Шарлап мына дүниені,
Шүкір дейсің біткенге.
 
Ортайма дейсің көңілім,
Қызық көргей өмірім.
Әділеттен нәр алып,
Марқайар талай көңілің!
 
Көңілге бүгін нұр толар,
Құшаққа тойда гүл толар.
Әр кездің өз қызығы -
Өмірдің әрі сол болар! 



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жан апайыма құттықтау деген не?

Бұл бетте Жан апайыма құттықтау тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Тілектер мен құттықтаулар жинағы бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Жан апайыма құттықтау материалы Тілектер мен құттықтаулар жинағы бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Тілектер мен құттықтаулар жинағы бөліміндегі басқа материалдар құттықтау тақырыбындағы материалдар тілек тақырыбындағы материалдар апай тақырыбындағы материалдар әпке тақырыбындағы материалдар