Өлең, жыр, ақындар

Туған тілім - тірлігімнің айғағы

Тіл - халықтың жаны, сәні әрі сол мемлекетті салт- дәстүрімен қоса айқындап ерекшелейтін құралы. Адамзат баласының пайда болуынан бүгінгі дамыған өркениетпен, адамдар арасындағы қарым- қатынас құралы- сөйлесу, байланысу болып табылады.

Қазақ би-шешендері бір-ақ ауыз сөзбен сүйем жер үшін сүйегін, қарсы жер үшін қанын берген батырларға рух беріп отырды. Шексіз, шетсіз даламның қойнауындағы байлығындай қазақ тілінің сөздік қор мол екенін кешегі таңнан таңға жырлаған жыраулардан, бізге келіп жеткен аңыз- қиссалардан аңғарамыз. Расында, қазақ халқының басында талай қиын нәубет күндердің болғаны тарихтан белгілі. Еліміз жетпіс жылдай Кеңес Одағына бодан болды. Ата–анамыз орыс тілін ұлықтады. Қазақ халқы өзінің тілін, дінін, тіпті салт-дәстүрін ұмытардай халге жетті. Дегенмен «сабақты ине сәтімен» деген. Еліміз сан ғасыр аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізді. Тіліміздің түп тамырымен жойылып кетпегеніне шүкіршілік етуіміз керек тәрізді. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы – ана сүтімен санасына  дарыған ана тілі ғана.

ҚР президенті Қ.Тоқаев алғашқы жолдауында тіл мәселесін көтеріп, қазақ тілінің мәртебісін көтеру туралы айтты. Өткен жылы  криллицадан латынға көшу мәселесі қоғамда қызу талқыға түсті. Бірі шет елдермен экономика, білім, экспорт жөнінде байланысу бұрынғыға қарағанда тиімді болатын алға тартса, бірі кейбір сөздердің латынға аударылмайтынын және тәуелсіздік алған жылдан бастап қазақ тілі үшін жегені жантақ, арқалағаны алтын болған тіл жанашырларының еңбегінін зая кететінін айтып дабыл қақты. Қоғамдық орындарда, мекемелерде жарымжан жарнамамен мағынасы майысқан мәтіндерді  жиі көзімізге ілігеді. Оның басты себебі туған тілін жастай меңгермеуі, мемлекеттік тілге салғырт қарауы деп түсінемін. Халық арасындағы түсініксіз жексұрын жаргондар тілдің тазалығына зиян келтіреді.

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», – дейді Қадыр ақын. Қазіргі қоғам басқа тілді үйренуге еш шек қоймайды. Дегенмен, қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеруге әр қазақтың үлесі болса екен дейміз. Өзгенің құлы емес өз еліміздің ұл – қызы болайық, өзгенің емес,өз еліміздің тілін ұлықтап, мәртебесін асырайық!

Аралбай Камшат

Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 1 – курс студенті


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз