Өлең, жыр, ақындар

Ахмет Байтұрсыновтың "Қазақтың өкпесі" мақаласына талдау

Өткен жиырмасыншы ғасырдың бас кезі, қазақ даласында жаңа ой өрістің дамуымен, ұлттық сананың оянуына түрткі болған кезең. Сөзіме дәлел ретінде, надандықпен күрес жолында қызмет еткен Ахмет Байтұрсыновтың «Айқап» журналының кезекті санында жарияланған «Қазақтың өкпесі»  атты мақаласын талқылаймын.

Мақаладан  «Ең­бек­сіз егін шықпайды, терлесең, терің тегін қалмайды», «Ата жолдасы – надандық», «Аллаңнан ойбайым тыныш», «үміті бар, талабы жоқ»  сынды мақамды мақалдар мен мағыналы сөздер, мақаланың мәйегі болып, мазмұнын терең бойлауға, мағынасын әріден ашуға көмекші құрал болып отыр.

Ахметтің «Қазақтың өкпесі» мақаласы халықтың қазіргі өмірі үшін үкімет пен өткен – кеткенді кінәлап, өткенге өкпе артып ренішін білдіріп жүрген қазақ азаматтырының осы реніші туралы баяндап, пікірін білдіреді. Мақаладан қараша халықтың сол кездегі тағдырына өздерін кінәламай, жұртты кінәлауы ойдың таяздығынан еді.

Зұлмат жылдардың басты мәселесі – жер еді. Әрине, таяқтың екі ұшы бар. Бірі, отарлау болса, екіншісі халықтың өзінен екенін аңғарамыз. Оған дәлел мақаладағы: «Шәй, шекер, шүберектей болмашы нәрсеге естектер жерін тауысты. Жерден айырылып, шаһар тозып тентіреп кетті.» деген сөйлем жолдарынан – ақ, халықтың да кінәсі бар екені көзімізге айқын шалынады. Мұжықтардан жерге алмастырған дүниесі таусылып, итше ел жағалап кеткен халықты сынады. Себебі, шаһардың көшесін сыпырсаңда, ұлтарақтай жеріңе егін ексеңде шайлығыңа жететіндей пайда болар еді ғой. Ахметтің жазған мақаласынан халыққа ашыну байқалады. Жерді осылай патшалықтан бөлек, қазақтың өзі бармақ басты, көз қысты әрекетімен талан – таражға салатын болса, ұрпаққа мирас етіп не қалдырар едік деп толғанды.

Осылайша Ахмет білім мен тілсіз ұлтты азат ете алмайтынын түсінді. Хандық билік кезінде де, өнер – ғылымға ынтасыздығының кесірінен дамыған елден артта қалғанын айтып, халықты ізденіске шақырды.  Хат  танып,  қарекет етсең ғана береке болатынын түсіндірді. Осы істе өзін – қорғап, өзгені табалаған көкірегі қараң халықты  текке өкпелемеуін сұрап, ниетінің теріс болуының барлығы надандықтан екенін «Қазақтың өкпесі» мақаласында айқын ашып,  баяндап берді. Мақаланың айшықты мәні осы.

Мақаладан бөлек, қазіргі Қазақстанның аумағын межеулеуді Алаш азаматтары 1917 жылдан бастаған. Ахмет сол жылдары патшалық Ресейге өтіп бара жатқан қазіргі Қостанайды қазақтың өлкесі екенін дәлелдеп, Ленинге хат жолдайды. Ахметтің  сауатты білімінің арқасында Қостанай елге қайтарылды.

Егер Ахметте тыныш педагог болып ел арасында жүре берсе, осындай байтақ даламыз өзге елге өтіп кетерме еді?! «Өзге оқыған замандастары, өз бастарының  пайдасын іздеп, ар һәм имандарын сатып жүргенде,                   Ахмет – халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір  басын бәйгеге тіккен»  деп, баға берген С.Сейфуллиннің сөзімен аяқтаймын.

Аралбай Камшат Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті 1 – курс студенті


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер